380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2052 жылы Қазақстан халқының саны 25 млн-нан асады

  • 143
2052 жылы Қазақстан халқының саны 25 млн-нан асады Muslim.kz

Алдағы 30 жылда елорда халқының саны 2 жарым миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал республика тұрғындары 25 миллионнан асады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі демографиялық ахуалына арналған зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Дегенмен алдағы уақытта елордада бала туу көрсеткіші екі есеге дейін кемиді. Себебі әйелдердің көбі қызметтік мансапты мақсат қылып, бала күтімін екінші орынға шығарады. Сондықтан бұл болжамда алдағы 20 жылда елордада перзентхана санын арттырудың аса қажеті жоқ екені көрсетілген. Есесіне егде адамдар саны артатын болғандықтан, аурухана мен емханалардың қызметіне сұраныс өседі. 

Александр Грузенкин, консалтингтік компанияның кеңесшісі:

– Зерттеу жұмысына даму кезеңін артқа тастап дамыған қала қатарына қосылған шаһарлардың өсу қарқыны негіз болды. Байқанымыздай, дамыған қаланың барлығында бала туу көрсеткіші төмендеген. Бұл – табиғи үрдіс. Себебі алып шаһарларда әлеуметтік-экономикалық ахуал алдыңғы қатарға шығады. Адамдар кәсіби мансапқа басымдық беріп, ұрпақ сүюді кейінге шегере бастайды.

Хабар 24 телеарнасы