389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологтар: 2050 жылы елде таза ауызсу мәселесі ушығып кетуі мүмкін

  • 330
  • UPD: 18:28, 27.05.2019

2050 жылға қарай Қазақстанда тұщы су мәселесі ушығып кетуі мүмкін.

Сөйтіп таза ауыз судың тапшылығы 70 пайызды құрамақ. Еліміздің экологтары осылай деп дабыл қағып жатыр. Экологиялық апат Арал теңізі мен Балқаш көлінің құрғап кетуімен байланысты. Сондықтан бүгіннен бастап жерасты суларын пайдалануымыз керек. «Ол үшін инновациялық технологияларды қолдану қажет», – дейді сарапшылар. Осы ретте бүгін елордада өткен үшінші экологиялық конгреске Америка және Германия мамандары шақырылды. Бұдан бөлек трансшекаралық суларға қатысты сұрақтарды да шешу міндеті тұр. Өйткені елдегі негізгі өзендер Қытай, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстаннан бастау алады.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсының президенті:

– Қытайда адам саны көбейіп жатыр. Яғни Іле мен Ертіс көлемі азаюы мүмкін. Іле азайса, онда ол Балқашқа қауіп төнеді. Болашақта Балқаштан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан бұл мәселелерді шешу үшін геосаясатты қажет етеді. Көктемде еріген қарларды Қытайға жіберіп, өзендердің су көлемін төмендетпеуге келісуге болады.

Хабар 24 телеарнасы