380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді

  • 203
  • UPD: 13:51, 27.05.2019

Алдағы президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге бағытталған жұмыстар Павлодар облысында қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде дауыс берушілер тізімі алынып, сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жеті мыңға жуық тұрғыны бар Павлодарское ауылында екі сайлау учаскесі орналасқан. Дауыс берушілер саны 4 жарым мыңнан асады. Сайлауға әлі екі аптадай уақыт бар. Соған қарамастан қарапайым халық тізімнен өздерінің аты-жөндерін анықтау үстінде. Әдеттегідей, ауыл тұрғындары кез келген саяси науқанда белсенділігімен ерекшеленеді. 

Тұрсын Бодиев, сайлау учаскесінің төрағасы:

– Сайлауды ұйымдастыру қызу жүріп жатыр. Өйткені барлығы таратылды. Тізімдерін алдық. Тізімдер бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға дауыс беру кабинеттері бар. Сонымен қатар оларға арналған компьютер міндетті түрде аудио жазбаны тыңдау үшін жасалған, онымен қоса лупа берілді.

Хабар 24 телеарнасы