382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шардаралық 45 мыңға жуық азамат сайлауға қатысады

  • 187
  • UPD: 13:52, 27.05.2019

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы алда өтетін саяси науқанға тас түйін дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауданда 28 сайлау учаскесі құрылған. Оның ішінде екеуі жабық сайлау орнына жатады. Бұл сайлау учаскелерінде 216 комиссия мүшесі жұмыс атқарады. Ал кезектен тыс өтетін Президент сайлауы науқанында шардаралық 45 мыңға жуық азамат өз таңдауын жасайтын болады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың саны – 2 мың 197 адам. Оларға саяси науқан күні барлық жағдай қарастырылған. Автокөлік тұрағынан бастап дауыс беретін орынның өзі қоларбамен емін-еркін кіріп шығатындай кең етіп жасалынған. Мәселен, аудан орталығындағы №853 сайлау учаскесінің өзіне 1 мың 858 азамат келіп, сайлауға қатысады деп күтілуде. Бүгінгі күнде халықтың тізімі нақтыланды дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есенбай Бейсенбиев. Жалпы шағалалы Шардара өңірінде тұрғындар саны 77 мыңнан асып жығылады.

Есенбай Бейсенбиев, Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Мүгедектерге арналған жолақшаларды сайлау үйлеріне орнатуымыз керек. Біз аудандық газеттер арқылы сайлау болатын күнді көрсетіп, хабарландырулар беріп жатырмыз. Сондай-ақ оларға мобильді телефон арқылы да хабар жеткіземіз. Шақыру парақшаларын дайындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы