382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин елордадағы ірі көлік жобаларының құрылысымен танысты

  • 150
  • UPD: 15:39, 27.05.2019
Асқар Мамин елордадағы ірі көлік жобаларының құрылысымен танысты primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елорданы жұмыс барысымен аралады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Онда Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік-Батыс жаңа айналма автомагистралінің және ЖРТ желісінің құрылысын тексерді. Аталған жобалар елорданың орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске асырылып жатыр.

«Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы» жаңа автомагистралі елорданы дамытудың бас жоспарында қарастырылған К-1 айналма жолының бөлігіне айналады, ол ұзындығы 87 шақырым болатын қала маңындағы айналма жолды тұйықтайды.

Айналып өтетін трассаның жалпы ұзындығы 3 көпір мен 4 көлік жобасын қоса алғанда 34 шақырымды құрайды. Бұл қала арқылы транзитпен, елорданы айналып өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жүк автокөлігін қала сыртына шығарады, елордадағы көлік ағынын азайтуға жол ашады. Айналма трассалар бойынша қазіргі ағын 50%-ға оңтүстік-батыс айналма жолына өтуі мүмкін екені болжанған. Жол бойында логистикалық орталықтар мен жол бойы сервисінің нысандары салынады.

 

Хабар 24 телеарнасы