378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әлеуметтік жобаларға қосымша 13 млрд теңге жұмсалады

  • 129
  • UPD: 17:45, 27.05.2019

Алматыда әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға қосымша тағы 13 миллиард теңге жұмсалады.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен мәслихат отырысында айтылды. Қажетсіз шығындарды қысқартып, мемлекеттік қызметкерлердің штатын оңтайландырудан үнемделген қаражатқа баспана, мектеп пен балабақша салынады. Қалалық мәслихаттың отырысында әкім Бауыржан Байбек үнемделген қаражаттың қайда жұмсалатынын тізіп берді. Басымдық берілетін бағыттардың бірі көлік инфраструктурасы. Бірнеше жол айрықтары мен метро стансаларынның құрылысын аяқтау жоспарда бар. Сондай-ақ қаланың жаңа аудандары - Алатау мен Наурызбай аудандарының инфрақұрылымы жақсармақ. 

Бауыржан Байбек,  қала әкімі:

- Соңғы бес жылдың ішінде Алматы қаласының көлемі екі есе өсті. Наурызбай, Алатау жаңа аудандары қосылды. Біз үлкен қаражатты бюджет тарапынан соған инвестиция жасап құйдық. Дегенмен, халықтың мәселелері әлі көп. Оны шешу үшін бірнеше жылдар керек. Он жылдың ішінде де шешу мүмкін емес шығар. Бірақ көз жүгіртсек, осы жылдардың ішінде Алатау ауданына 10 жылдың ішінде 430 миллиард ақша құйылды. Сол арқылы көп мәселе шешілді.

Хабар 24 телеарнасы