389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында кәрізге құлаған бүлдіршінді құтқарған бала марапатталды

  • 315
  • UPD: 18:39, 27.05.2019
Түркістан облысында кәрізге құлаған бүлдіршінді құтқарған бала марапатталды

Түркістан облысының Жетісай қаласында кәріз құдығына құлаған жас бүлдіршінді құтқарып қалған 11 жасар бала марапатталды.

5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбекке Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккердің алғыс хатын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов соңғы қоңырау жиынында салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, батыр бала 2 сәуір күні кешкі сағат 19:40 шамасында көше бойындағы кәріз құдығына құлаған 2 жасар баланы құтқарып қалған болатын. Жиын барысында Нұрғали Жүнісов Бекназардың ата-анасына, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне батыр бала тәрбиелегендері үшін өз атынан алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Соңғы қоңырау күні оқушылардың, ұстаздардың ата-аналардың алдында болашақ жастарға үлгі болсын деп, комитет төрағаының марапатын ұсындық. Өзі сұхбат бергенде құтқарушы боламын деген болатын. Оқушылар мен ата-аналар алдында өз тарапымнан егер Мейрамбек өз ойынан таймаса, алдағы уақытта оқу орын бітіріп, жоғарғы оқуға түсетін ниеті болса, құтқарушы болуға өз тарапымыздан көмек беретінімізді айтып өттім.

Хабар 24 телеарнасы