384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жазғы туристік маусымға әзірлік қызу жүріп жатыр

  • 328
  • UPD: 18:47, 27.05.2019
ШҚО-да жазғы туристік маусымға әзірлік қызу жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жазғы туристік маусымға әзірлік қызу жүргізіліп жатыр.

Мәселен, жылына 200 мыңдай адам тынығу үшін ат басын бұратын, Алтай ауданындағы демалыс орындарында қазір қарбалас кезең басталған. Онда туристерге арналған үйлерді жөндеп,сырлау, демалушыларға қажет құралдарды тексерістен өткізу сынды шаруалар атқарылуда. Өйткені негізгі мақсат келушілерге сапалы әрі жайлы қызмет ұсыну. Жалпы Бұқтырма бойында бүгінгі күні 120-дан астам шағын және ірі туристік кешендер орналасқан. Барлығы бір демде 12 мың 500 туристі қабылдауға қауқарлы. Дегенмен, бұқтырма жағалауына «курортты аймақ» дәрежесі берілсе, бұл көптеген мәселелердің тез шешіліп, туристер санын бұрынғыдан да арттыруға ықпал етер еді дейді. 

Владимир Нифанов, демалыс базасының иесі:

- Бұқтырма жағалауына курортты аумақ дәрежесі берілсе, бұл жаққа инвесторлар назары бірден ауады.Банктермен қаржылық операцияларды жүргізу де жеңілдер еді. Бұл қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, туристермен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы