380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда сайлау учаскелерінің жұмысы пысықталды

  • 119
  • UPD: 19:57, 27.05.2019

Онда қызмет атқаратындарға сайлау күні жұмыс істеудің алғы шарттары ойын түрінде көрсетілді.

Күтпеген жағдайлар бола қалса қолданылатын амал-әрекеттер  талқыға түсті. «Дауыс беру күні» жобасын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы аймақтық филиалының директоры Гүлнәр Исенова жетілдірген. Ойын түрінде өткен  дауыс беру үрдісін Орталық Сайлау Комиссиясының өкілдері бақылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша сайлаушылар тізімін құрастыру жұмысы толығымен аяқталды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек Ертіс өңірінде  551 мың 214 адам дауыс беруге құқылы. Ал облыс аумағында 543 сайлау учаскесі жасақталған.

Константин Петров, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары:

- Біз сайлаушылардың тізімдерін жақсарту үшін өте ауқымды шараларды қолға алдық. Азаматтар сайлаушылар тізімінен өздерінің аты жөндерін таба алмай қалған жағдайлар болады деп ойламаймын. Соған қарамастан екі нұсқаны ұсынып отырмыз. Мәселен, дауыс берушінің   тұратын жері  учаске ішінде  анықталғаннан  кейін  сайлаушылар тізіміне енгізіледі немесе тіркелген учаскесіне  барып дауыс беруіне  ұсыныс жасалады.

Хабар 24 телеарнасы