387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыны дамытуға жұмсалатын ақша қаржы шығынын қысқарту арқылы үнемделген

  • 422
  • UPD: 19:59, 27.05.2019

Алматыда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қосымша тағы 13 миллиард теңге бөлінеді. Қаржыландыру алдағы күзде басталады.

Шаһар басшының айтуынша, қаланың дамуы үшін республикалық бюджеттен бөлек жергілікті қазынадан да қаражат жұмсалады.

Ол қаржы шығындарды қысқартып, мемлекеттік қызметкерлердің штатын оңтайландырудан үнемделген. Сондай-ақ қаланы дамытуға бағытталған қаражаттың есебінде әкімшілік айыппұлдан түскен ақша да бар.

Алматы билігі мәслихат депутаттарына мегаполисті дамытудың жобаларын ұсынды. Олардың қатарында бірнеше басым бағыттар бар. Атап айтқанда, көлік инфраструктурасы, жол айрығы құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін сатып алу, сондай-ақ, қала аумағына өткен елдімекендерді дамыту көзделген. Мұнда әсіресе жеке сектордағы жол құрылысы бірінші кезекте қолға алынбақ.

Бауыржан Байбек, Алматы әкімі:

- Соңғы бес жылдың ішінде Алматы қаласының көлемі екі есе өсті. Наурызбай, Алатау жаңа аудандары қосылды. Біз үлкен қаражатты бюджет тарапынан соған инвестиция жасап құйдық. Дегенмен халықтың мәселелері әлі көп. Оны шешу үшін бірнеше жылдар керек. Он жылдың ішінде де шешу мүмкін емес шығар. Бірақ көз жүгіртсек, осы жылдардың ішінде Алатау ауданына 10 жылдың ішінде 430 миллиард ақша құйылды. Сол арқылы көп мәселе шешілді.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің тапсырмасымен биыл қала бюджеті қайта қаралып, қажетсіз шығындар қысқартылып, 8,6 миллиард теңге үнемделді. Бұл қаражат қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға жұмсалмақ.

Бауыржан Байбек, Алматы әкімі:

- Ең аллдымен тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуді қолға алып отырмыз. Осы мақсатта бақытты отбасы қалалық жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда. 001355 Қаражаттың бір бөлігін жастар мен тұрмысы төмен отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй жобасына нұрлы жер бағдарламасы аясында қолжетімді тұрғын үйлер салуға бағыттамақпыз.

Кезек күттірмейтін мәселелер қатарында қаладағы суағарлар яғни  арықтар жүйесін жөндеу жұмыстары бар. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жер телімдерін сатып алу жоспарланған. Баспана құрылысы қосымша жұмыс орындарының ашылып, отандық өндірістің дамуына да серпін береді.

Ілияс Өсеров,  қалалық стратегия және бюджет басқармасының бастығы:

- 7,8 млрд бұрын басталған жобаларды аяқтауға бағытталатын болады. Оның ішінде мектептердің сейсмикасын күшейту, Алатау ауданындағы потологиялық-анатомиялық бюроның құрылысын аяқтау, брт желісінің бірінші кезеңін қайта жаңалауды аяқтау және Рысқұлов Құлжа тас жолының қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы.

Қала қазынасын әкімшілік айыппұлдар да толықтырған. Билікті, айыппұл алғаны үшін айыптағандарға «ережені бұзбаңыздар» деген әкім, бүгінде ондайлар есебінен бюджетке 2,4 миллиард теңге түскен. Бұл қаражат сирек кездесетін ауыр дертке шалыққандарға дәрі-дәрмек алуға жұмсалмақ.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы