378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бір жылда 1 млн жуық салық пен кеден декларациясы рәсімделді

  • 191
  • UPD: 19:39, 27.05.2019
Елімізде бір жылда 1 млн жуық салық пен кеден декларациясы рәсімделді

Өткен жылдың сәуір айынан бері 1 миллионға жуық салық пен кедендік декларация рәсімделген.

Оның шамамен 70 проценті 1 минут ішінде «Жасыл дәліз» жобасы арқылы тіркелді. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев хабарлады. Оның айтуынша, автоматтандырылған жүйе сыбайлас жемқорлықтың алдын алып отыр. Бұл туралы отандық кәсіпкерлікті қолдауға арналған республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Осыған байланысты өткен жылы Қаржы министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының қолдауымен тауарларды электронды декларациялаудың «Астана-1» атты жаңа жүйесін енгізгені белгілі. Осы жүйе арқылы тасымалданатын өнім қозғалысын автоматты режимде қадағалауға болады. Алғашында «Виртуалды қойма» автокөлік құралдарын сатуымен айналысатын салық төлеушілерге, кейіннен оны тауарлардың басқа санаттарына кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр.

Руслан Еңсебаев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Шығын көлемін оңтайландыру бірінші кезекте уақытша сақтау қоймаларына жұмсалатын ақшаны үнемдеуге тікелей байланысты. Кәсіпкерлер үшін бұл өте маңызды. Осылайша бір жыл ішінде 77 млрд теңге үнемделген. Сәйкесінше, біз сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржылық үлесін үстеме айналымға бағыттадық. Нәтижесінде 13 млрд 300 млн теңге көлемінде баж салығы, яғни қосымша кіріс түсті.

Хабар 24 телеарнасы