389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың ел басқарудағы тәжірибесі барлық түркі мемлекетінде пайдаланылады

  • 454
  • UPD: 21:54, 27.05.2019

Қазақстан – түркі жұртының қара шаңырағы. Ал Елбасы – түркі әлемінің ақсақалы. Бұл түбі бір түркі халықтары зиялы қауым өкілдерінің пікірі.

Сондықтан түркі дүниесі қатысты бастамалар мен жобалардың және тың идеялардың барлығының авторы Нұрсұлтан Назарбаев дейді Түркістандағы Қазақ-Түрік Халықаралық университетінің вице-президенті Женгиз Томар.

Түркия Республикасы президенті Реджеп Тайип Ердоған еліміздің Түңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемі елдерін дамытуға қосқан үлесі үшін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесін берді. Оны Елбасына Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу тапсырды. Бұл марапаттың маңызы бүкіл түркі жұрты үшін зор дейді мамандар.

Дархан Қыдырәлі, халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Бұл хабарды тек Қазақстан емес, түркі халықтары үлкен қуанышпен қабылдады. Себебі Елбасының түркі әлемі алдындағы еңбегі зор. Сондықтан Түркияның президентді Реджеп Тайип Ердоған Түркі кеңесінің өмірбойы төрағасы деген лауазым ұсынғанда басқа түркі халықтарының президенттері бұл ұсынысты қоштап, қабылдап, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасыға осы лауазымы лайық көрді.

Расында Тәуелсіздік алған 90-жылдардан бастап, Елбасы түркі интеграциясына ерекше ықылас тынытып, үлкен мән берді. Түркістандағы қазақ-түрік университетінің ашылуы, түркі академиясы сияқты іргелі ұйымның, Түріксой мен түркі кеңесінің және Түркістан облысының құрылуы – Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Соның нәтижесінде бауырлас елдердің арасындағы ынтымақтастық артты. Түркі халықтары Елбасын түркі дүниесінің ақсақалы, ұлт көшбасшысы санайды.

Женгиз Томар, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті:

- Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесі мемлекеттерінің барлық саммитіне әрдайым өзі қатысады. Түркі дүниесінің ынтымақтастығына ерекше маңыз береді. Елбасының 2018 жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні зор. Ешбір түркі халықтарының басшылары дәл мұндай академиялық мақаланы жазаған емес. Сол мақала түркі дүниесінің бәрімізге ортақ, тарихымыз бір, түбіміз түркі екенін тағы бір дәлелдеп берді. Елбасының еңбектері түркиядағы ЖОО-да студенттерге оқтылады. Әсіресе халықаралық қатынас факультетінде пән ретінде оқытылады.

Мамандардың айтуынша, Елбасының мақалалары Түркі мемлекеттерінің барлық газет-журналдары мен телеарналарында көрсетіліп отырады. Әсіресе дипломатияны қалай жүргізу керектігі мемлекеттік қызмет саласында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар Назарбаевтың ел басқарудағы тәжірибесі барлық түркі мемлекеттерінде пайдаланылады. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы