382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тек 48 лагерь жазғы маусымда балаларды қабылдауға дайын – Ж.Бекшин

  • 155
  • UPD: 21:52, 27.05.2019

Еліміздегі 48 лагерь ғана жазғы маусымда балаларды қабылдауға дайын.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Министрлік мәліметі бойынша, қазір елімізде 219 балалар лагері бар. Олардың көбі санитарлық- талаптарға сай келмеген. Үш бірдей мекеме ешқандай рұқсатсыз жұмыс істеп жатыр. Тағы 20 лагерге бала қабылдауға тыйым салыныпты. Олардың ісімен қазір прокуратура өкілдері айналысуда. Бас санитарлық дәрігер еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы да ақпарат берді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жыл басынан бері 22 адам менингококк инфекциясын жұқтырған екен. Бұл індет әсіресе жастар арасында жиі тіркелуде.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Балалар лагерлерінің басшыларын жинап, оларға талап қойдық. Әрбір мекемеде ауа өткізу жүйесі болуы керек. Егер ондай қондырғылар орнатылмаған болса, лагерлерге бала қабылдауға рұқсат берілмейді.

Хабар 24 телеарнасы