378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда азық-түлік тауарларының бағасы өскен

  • 121
  • UPD: 14:52, 28.05.2019
Алматыда азық-түлік тауарларының бағасы өскен Túrkistan

Өткен аймен салыстырғанда Алматыда негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өскені байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың ішінде нан, жұмыртқа, сиыр еті, күріш пен сәбіз қымбаттаған. Әсіресе сиырдың төс-мойын еті, жылқының қазы-қартасы 25 пайызға көтерілген. Бұдан бөлек макарон өнімдерінде де өсім бар. Жалпы, қалада бағаны ауыздықтау мақсатында апта сайын ірі-сауда орталықтары мен 20-ға жуық дүкенде тексеріс өткізіледі. Бұған қоса жеті сайын өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелері де бар. Бұл айда қырыққабат 24,7%, сәбіз – 8,4%, пияз – 6,6%, күріш 1,7% қымбаттаған. Ал картоп, керісінше, 30% арзандады. Қалалық Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, қалада сүт пен жұмыртқаның да бағасы өсті. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда биыл қалалықтардың көкөніске деген сұранысы ұлғайып отыр.

Қанат Кәкен, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бас маманы:

- Көкөніс өнімдері бағасын ұстап тұру мақсатында өткізіліп отырған іс-шараның бірін былтыр өткізіп, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат өнімдеріне қала бюджетінен 750 млн теңге ақша бөлінген. Бұл бөлінген ақша осы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы осы қаламыздағы желілерде алынған өнімдер сатылып жатыр. Негізі былтыр жоспар бойынша 750 млн теңгеге тауар айналымы 8 мың тонна өнім сатылады деп есептегенбіз. Бірақ бүгінгі күнге дейін қаламызда сол бөлінген ақшаға 9,5 мың тонна сатылды.

Хабар 24 телеарнасы