389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 2022 жылға дейін 17 мың тонна мал еті экспортқа шығарылмақ

  • 304
  • UPD: 14:52, 28.05.2019
ШҚО-да 2022 жылға дейін 17 мың тонна мал еті экспортқа шығарылмақ Егемен Қазақстан

Шығыс Қазақстан облысы биыл жыл соңына дейін мың жарым, келесі жылы екі мың тонна етті экспортқа жөнелтуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 2022 жылға дейін 17 мың тонна мал етін экспортқа шығару жоспарда бар. Өңірде 300-ге жуық асылтұқымды ірі қара өсіретін шаруашылық, 5 ірі бордақы кешені бар. Жоспар бойынша алдағы 5 жылда 30 өнеркәсіптік бордақы алаңы, Аягөз және Семей қалаларында қуаты жылына 50 мың тоннаға жуық ет өңдейтін ет комбинаттары салынады. Бұл ішкі нарық қана емес, сыртқа өнім жөнелтуге кең жол ашады. Мәселен, Үржар ауданында 5 мың басқа арналған екі ірі бордақы кешендері салынып, табысты жұмыс істеп тұр. Былтыр Өзбекстанға 130 тоннадан артық ет экспортқа жөнелтілген. Іргедегі Қытай мен Ресей мемлекетіне де сапалы ет өнімдерін шығаруға мүмкіндік тумақ. 

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Былтырғы жылы мал шаруашылығында жалпы құны 58 миллиардтан астам өнім өндіріп отырмыз. Оның ішінде аса бейімделген етті мал шаруашылығы. Былтырғы жылы мемлекеттік «Сыбаға» баяғдарламасы аясында 15 шаруа қожалығы асылтұқымды мал әкелуге ниет білдіріп, соның 747 басы Герефорд деген мал. Биылғы жылы жоспарды 2 есе орындаймыз деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы