389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 3500 тонна ет экспортталады

  • 835
  • UPD: 14:48, 28.05.2019
Жамбыл облысында 3500 тонна ет экспортталады АгроИнфо

Жамбыл облысы қой етін экспорттаудан республика бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы елімізде 3800 тонна қой еті шетел нарығына шығарылса, оның 44 проценті әулиеаталық тауар өндірушілердің үлесінде, яғни 1700 т. Енді биыл өнім көлемін 2 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Әсіресе қозы етіне сұраныс жоғары. Тауардың негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы мен Бахрейн Корольдігіне және Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жіберіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 900 тоннаға жуық сиыр мен қой еті экспортталған. Қазір ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылданып, шетелден етті бағыттағы ірі қара жеткізілуде.  

Балжан Ысқақова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- 2018-2027 жылдарға «Сыбаға» бағдарламасы аясында облысымызда индикативті көрсеткіштер белгіленіп, сол жылдардың аралығында 36 мың бас ірі қара шетелден әкелу жоспарлануда. Биылғы жылы 4 мың бас кіргізуіміз қажет. Ірі қара бойынша бізде 26 мал бордақылау алаңы бар. Олардың жылдық қуаты 30 мың бастан асады. Барлығын қосқанда 30 мың басты бір дегенде бордақылай алады.

Хабар 24 телеарнасы