389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді

  • 304
  • UPD: 14:47, 28.05.2019
Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді Atameken Business Channel

Алматы облысының шаруалары биыл 4 мың тонна ет экспорттамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Отандық өнім Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі. Өңірде жыл сайын 350-360 мың тонна ет өндіріледі. Аймақта кейінгі кездері ірі қара еті 82 теңгеге қымбаттаған. Қазір сауда орындарында орташа есеппен 1591 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себеп бар екенін алға тартады.

Айгүл Идрисова, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы: 

- Өндірушілер өз бағаларының көтерілгенін шөп көтерілгенімен, жол шығыны артқанымен және халықтың сұранысымен түсіндіреді.

Хабар 24 телеарнасы