378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында асылтұқымды мал шаруашылығы өркендеп келеді

  • 157
  • UPD: 14:47, 28.05.2019
Атырау облысында асылтұқымды мал шаруашылығы өркендеп келеді Atameken Business Channel

Нәтижесінде ет және сүт өнімдерін өндіру айтарлықтай өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңір шаруалары өткен төрт айда 13 мың 581 тонна ет, 14 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін өндірді. Бұл – азық-түлік түрлерінің 70 пайызын сырттан тасымалдайтын өңір үшін үлкен көрсеткіш. Мемлекет қолдауына сүйенген шаруалар ет бағытындағы асылтұқымды мүйізді ірі қара басын  көбейте бастаған. Бүгінде Атырауда 7 шаруашылық ет өндірумен айналысады. Алынған өнімдер мұнай өндіруші компаниялар мен облыс тұрғындарының ет және сүт өнімдеріне деген қажетін өтеуге бағытталған.

Аманжол Қабдешв, облыстық АШБ басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі уақытта облыста 23 асылтұқымды мал өсіруші шаруашалық бар. Олардың барлығы да өз еңбектерімен мал басын өсіріп, өнім алуға көптеген үлестерін қосып келеді. «Первомайский» сүт өндіру бағытында. Оның да сүт өндіруі қазіргі уақытта өсіп келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы