389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы тігін фабрикасы 1 млрд теңгеден астам қаржының тауарын шығарады

  • 438
  • UPD: 14:46, 28.05.2019
Талдықорғандағы тігін фабрикасы 1 млрд теңгеден астам қаржының тауарын шығарады

Алматы облысында жеңіл өнеркәсіппен айналысатын оннан аса ірі кәсіпорын бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдықорғандағы тігін фабрикасы солардың қатарында. Мекеме жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржының тауарын шығарып отыр. Негізінен әскери сала қызметкерлерінің сұранысын өтейді. Болашақта мұнайшылар мен энергетиктер және құрылысшылардың формасын тігуді қолға алмақ. Өңірде осындай үлкен өндіріс орындарымен қатар шағын кәсіпкерлік те дамып келеді. Әсіресе аяқ киім тігетін етікшілердің жұмысы жандана түскен.    

Төлепхан Шора, кәсіпкер:

- Былтыр күзгіні айтсам, 8 тонна тауар былғары мен табан алдым. Ішкі қой терісін Текеліден алдық. Болашақта үлкен цех ашқым бар. Цех болғанда тауарымды шет елге шығаратындай болады.

Хабар 24 телеарнасы