382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: шымкенттіктерге арнайы шақыру қағаздары үлестірілді

  • 270
  • UPD: 14:44, 28.05.2019
Сайлау-2019: шымкенттіктерге арнайы шақыру қағаздары үлестірілді

Шымкентте аудандық сайлау комиссиясының мүшелері халықты кезектен тыс өтетін Президент сайлауына қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қаладағы көп қабатты үйлердің аулаларын аралап, тұрғындарға арнайы шақыру қағаздарын үлестірді. Сайлаушыларды дауыс беруге шақыратын парақшаларда сайлау учаскелерінің орналасқан жері, сайлау уақыты мен сайлау комиссияларының байланыс деректері туралы ақпаратты қамтиды. Айтпақшы, үйлерді аралау барысында денсаулығына байланысты сайлауға баруға мүмкіндігі жоқ азаматтарды анықтау жұмысы да қатар жүргізілуде. Мұндай сайлаушылар тұрғылықты жеріндегі учаскелік сайлау орны мүшелеріне жазбаша түрде өтініш берсе, онда комиссия мүшелері дауыс беруді ұйымдастыруға міндетті. 

Асылбек Тоқмағанбетов, Қаратау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Әскери қызметкерлер немесе басқа жерлерде жұмыс жасап жатқан кісілер бар. Вахталық жұмыстағылар келе алмай жатқан жағдайда бізге өтінішін білдіреді. Қай жерде дауыс бере алатынын айтады. Соған біз талондар береміз. Бүгінгі күні біздің сайлау учаскелерінің саны – 49. Сайлаушылардың саны – 104 мың 988. Сайлаудың төраға мүшелері – 436.

Хабар 24 телеарнасы