382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда Кәмшат Дөненбаеваға ескерткіш қойылды

  • 138
  • UPD: 14:43, 28.05.2019
Қостанайда Кәмшат Дөненбаеваға ескерткіш қойылды

Қостанайда қазақ қыздарының ішінде тұңғыш механизатор, Социалистік Еңбек ері Кәмшат Дөненбаеваға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мүсін Жастар сарайы маңында бой көтерген. Кәмшат Байғазықызы еңбек жолын 18 жасында бастап ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Екі рет Ленин және Құрмет белгісі орденімен марапатталды. Осыған дейін қостанайлықтар даңқты жерлесінің құрметіне «Кәмшат» атты кітап пен деректі фильмнің жарық көруіне бастама болды. Сондай-ақ Меңдіқара ауданындағы колледжге және облыс орталығындағы көшелердің біріне қайсар қыздың есімі берілген. Кәмшат Дөненбаева 74 жасында өмірден озған еді.       

Гүлжан Байкенова, К.Дөненбаеваның қызы:

- Ананың орны толмайтын нәрсе ғой. Бұл мәңгілік нәрсе ғой. Анамыз бізге, немерелеріне, шөберелеріне қарап қалай жүріп жатырмыз, Отанымызға қалай еңбек сіңіп жатырмыз деген сияқты осы жерге келіп есеп беріп тұратын шығармыз. 

Хабар 24 телеарнасы