384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жол жөндеу мен ауыз су тартуға қосымша қаражат бөлінді

  • 93
  • UPD: 12:57, 28.05.2019
БҚО-да жол жөндеу мен ауыз су тартуға қосымша қаражат бөлінді Сыр медиа

Батыс Қазақстан облысының бюджеті 22 миллиард теңгеге нақтыланды.

Оның 18 миллиарды ел қазынасынан трансферт түрінде бөлініп отыр. Қаралған қаржының 7 миллиард теңгеге жуығы жалақыны жоғарылатуға жұмсалмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, елімізде 1 шілдеден бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлық табысын арттыру жоспарланғаны белгілі. Сондай-ақ 4 миллиард теңге жол құрылысына 2, 1 миллиард теңге елді мекендерді сумен, газбен қамтуға жұмсалмақ. Бұл қаражатқа жыл басында жоспарланған жұмыстардан бөлек қосымша 9 елді мекенге су құбырын тарту осынша ауылға көгілдір отын жеткізу көзделген.

Қайсар Маңқараев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

- 4 аудан мен Орал қаласындағы жол мәселесі кіргізіліп отыр. Бұның ішінде Орал қаласындағы күрделі жөндеу мәселесі бойынша 7 көше үлкен және үлкен 3 көшенің жол құрылысы басталады. Ол деген «Балауса», «Сарытау» және Деркөл ауданындағы ПДП-2 жол басталады. Сондай жұмыстар биыл жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы