389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда аударылған батут қайғылы оқиға болар күні орнатылған

  • 387
  • UPD: 14:41, 28.05.2019

Қарағандыда бүлдіршіннің өмірін қиған батут қайғылы оқиға болар күні орнатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің қаттылығы батуттың өзін жыртып жіберген. Жалпы, Қылмыстық кодексте қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет ұсынғаны үшін тұлғаны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Аударылған батуттың иесі бұрын төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеген. Қайғылы оқиғадан соң ол қызметінен лезде босатылды деген пікір айтылып жатыр қазір. Алайда бұл қауесет. «Батутқа жауапты азамат қызметінен күн бұрын кеткен», – деді Владимир Беккер.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Тексеру жүргізілді. Оны күн бұрынғы мерзіммен ешкім де жұмыстан шығарып жібермеген. Қызметкер 2001-2019 жылдар аралығында төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеді. Оның өзі батут бизнесімен айналыспаған. Бұл іспен әйелі шұғылданған. 2018 жылы ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, батут бизнесімен айналысқаны анықталды. Полиция қызметкері әйелді тергеген кезде ол күйеуінің кәсіпке көмектесетіндігін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы