378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік кәсіпкер жерасты өткелін салғызып жатыр

  • 126
  • UPD: 14:40, 28.05.2019

Ақтөбеде жерасты өткелі бір ай ішінде дайын болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Құрылысшылар рекордтық уақытта 4 жолақты жолдың астынан жаяу жүргіншілерге туннель қазып берген. Нысанның құрылысына қаражатты жергілікті кәсіпкер бөлген. Жаңа өткелді шаһардың 150 жылдық мерейтойына сыйлық ретінде ұсынған болатын.

Өткелдің іргетасын қалаған сәтте автөкөліктер көршілес көшелермен жүрген болатын. Бұл жерде көлік қатынасы тек бір аптаға ғана тоқтатылды. Сондықтан мұны тұрғындар рекордтық көрсеткішке балап отыр.

Жалпы, Шығанақ Бесиев көшесі жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті болатын. 4 жолақтан тұратын жолда көлік нөпірі бір сәт те азаймайды. Мәселені ушықтырған жайт – жақын маңда орта мектептің болуы. Күніне бірнеше рет оқушылар лек-легімен осы жермен өтуге мәжбүр. Өткелдің құрылысына мұрындық болған кәсіпкер Төлеген Таңатаров бірнеше рет жол-көлік оқиғасының да куәсі болғанын айтты.

Төлеген Таңатаров, құрылыс компаниясының басшысы:

- Осы арадан мен күніне бірнеше рет өтемін. Кешке жұмыстан қайтып келе жатқанда кілең бірінші сынып оқитын балалар өтеді. Көліктің арасы. Сонда өзім 1-2 жол апатының үстінен түсіп, жаным ашығаннан істеп жатырмын. Қауіпсіздік ретінде. Балалардың өмірін сақтап қалу үшін.

Өткел құрылысына шамамен 60 миллион теңге бөлген. Бұл негізгі конструкциядан бөлек айналасын аббаттандырып, қосымша тротуарларға салуға да жетті. Еңістікте орналасқан жерасты өткелі арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар да еркін өте алады.

Бастысы, жаяу жүргіншілер мен жүйткіген автокөліктер қауіпті аймақта жүздеспейді. Балалардың аман өтетіндігіне кепілдік бар. Тұрғындардың ендігі тілегі мұндай өткелдер шаһардың өзге көшелеріне орнатылса артық етпейді.

Авторы: Мансұр Есқожин

Хабар 24 телеарнасы