389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жылға сотталды

  • 451
  • UPD: 14:44, 28.05.2019
Елордада Әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен елордалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Р.Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу үшін 22 млн теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ сот шешімімен оның сыбайластары – Әділет департаментінің Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е.Дәулетбаев және аға сот орындаушысы - Әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г.Манапова – сәйкесінше 9 және 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабының аясында енгізілген ұсыным негізінде Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен Әділет департаментінің басшысы М.Әбілов атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Хабар 24 телеарнасы