384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев көп балалы аналармен кездесті

  • 150
  • UPD: 15:35, 28.05.2019

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елордалық тігін фабрикасында жұмыс істейтін көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бердібек Сапарбаев өндіріс орнына барып бірнеше перзент сүйсе де, еңбектен қол үзбегендердің хал-жағдайын сұрады. Тігін фабрикасының отандық нарықта өз орны бар. Ұлттық және мемлекеттік компаниялардың тапсырысына сай арнайы киімдер тігеді, әрі өзге де тоқыма бұйымдарын шығарады. Бұл іске негізінен әйелдер тартылған. Басым бөлігінің жалақысы 100 мыңнан асады. Кейбірі 160 мыңға дейін табыс табады. Министр осындай өндірістің еліміздің барлық өңіріне қажеттігін айтып, ұсыныстарын ортаға салды.

Хабар 24 телеарнасы