380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есілде кемеде жүзу маусымы басталды

  • 133
  • UPD: 15:53, 28.05.2019
Есілде кемеде жүзу маусымы басталды

Жазғытұрым Есілде қым-қуыт тіршілік басталады.

Ел астанасына қыдырып келгендердің алғаш бас сұғатын жері де осы. Жағалауда сейіл қуып, кемеге мініп серуендейді.

Асхат Асылғазин, «ЖасНұр» кәсіпорнының бас механигі:

2008 жылы навигация алғаш басталған кезде 4 кеме ғана болды. Қазіргі уақытта 3 есеге өсіп, 11 кеме қолданыста бар. Биылғы жылдан бастап екі кемеге түнгі 23:00-ге дейін жүруге арнайы қондырғылар салуды көздеп отырмыз.

Бүгінде флот заманауи кемелермен жабдықталған. Бас-аяғы 11 кеме, соның алтауы жолаушылар кемесі. Олардың жалпы сыйымдылығы  270 адам. 5 техникалық кеме мен бір құтқарушы қайық. Байқағанымыздай, xалық нөпірі кешке көбейеді. 9 сағат бойы тапжылмай қызмет ететін кеме жүргізушілерінің еңбегін ескеріп өткен жөн. Қайрат Ержановтың бала күнгі арманы орындалып, бүгінде кеме жүргізушісі. Жұмыс өтілі – 11 жыл.

Қайрат Ержанов - кеме жүргізушісі:

Біздің маршрут негізі Кенесары аймағынан Ақордаға дейінгі аралық. Күніне 5-6 рет өтеміз. Ұзақтығы 9 шақырым. Демалыс күндері 7-8 мәрте жүріп өтеміз. Адамның келуіне байланысты қызмет жасаймыз.

Алтынгүл Есенқазақова, қала қонағы:

Ақтөбе облысы Шалқар қаласынан келіп отырмын. Осы Нұр-Сұлтанның жақсы, әсем жерлерін көру үшін осы кемеге бірінші рет мініп тұрмын. Өте керемет әсер.

Ерлан Чудабаев, қала қонағы:

Отбасыммен бірге Ақтаудан келдік. Ерекше әсер алып, ертең ауылға барғанда еске түсіреміз. Серуеніміз керемет өтуде. Елордамыз гүлдей берсін.

Есіл өзенінің жағалауы елордалықтардың сүйікті мекеніне айналғаны сөзсіз. Самал желі, жағалай өскен жасыл желегі, зәулім ғимараттары, көзді қуантып, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ендеше қапы қалмаңыз! Есіл өзеніндегі навигация маусымы қазан айына дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы