383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ауруханаға жарылғыш зат қойылған деген ақпарат расталмады

  • 133
Қостанай облысында ауруханаға жарылғыш зат қойылған деген ақпарат расталмады Deskgram

Күні кеше белгісіз біреу Жітіқарадағы орталық емдеу мекемесінде бомба орнатылған деген хатты электронды поштамен таратқан.

Қаскүнем арнайы есепшотқа 50 мың АҚШ долларының аударылуын талап еткен. Әйтпесе, ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. Салдарынан оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылып, 240 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Аурухананың іші және төңірегі тексеріліп, жарылғыш зат табылмаған.

Ирина Беженарь,ОПД баспасөз қызметкері:

– Полиция қызметкерлері аталмыш ақпаратты жіберген тұлғаны анықтау бойынша шаралар қолданып жатыр. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес лаңкестік мәліметті таратқаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы