386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жыл басынан бері 81 адам суға батқан

  • 557
Елімізде жыл басынан бері 81 адам суға батқан Уральская неделя

Елімізде балаларды жүзуге үйрету жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені шомылу маусымында қайғылы жағдай саны көбеймесе, азаймай отыр, дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин. Жалпы жыл басынан санағанда елде 81 адам суға батқан, оның 23-і балалар. Осыған байланысты 1 мыңнан астам орынға тыйым салынып, 1510 ескерту белгісі орнатылды. Сондай-ақ қауіптің алдын алу үшін соңы қайғылы аяқталған оқиғалар туралы стендтер де орнатулы. Осыған байланысты жедел-құтқару жасақтары қосымша 53 мобильді бекеттерде кезекшілік ұйымдастырды. Сондай-ақ балалар демалысына арналған 50-ге жуық лагерьде құтқарушылар жағажай түбін тексеріп, ақпараттық ескерту жасады. Айта кетейік, бүгінгі таңда 107 қалалық және 500 жеке жағажай суға шомылу маусымын ашуға дайын.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– Су қоймаларында қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жедел-құтқару жасақтары жоқ қауіпті орындарда өрт сөндіру бөлімдерін де жұмылдыруымыз мүмкін. Біздің мақсат – балалардың суға бату жағдайларын азайту. Осылайша, алдағы уақытта қайғылы жағдайлар кеміп, статистика жақсарады деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы