389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: ШҚО-ға 34 шетелдік байқаушы келуі мүмкін

  • 388
  • UPD: 17:33, 28.05.2019
Сайлау 2019: ШҚО-ға 34 шетелдік байқаушы келуі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысына 9 маусымға қарай 34 шетелдік байқаушы келуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге өңірдегі сайлау кампаниясынның жұмысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, демократиялық институты және адам құқықтары миссиясының 2 өкілі байқауда. Бұл елімізде қазір жұмыс істеп жатқан 11 топтың бірі.15 мамырдан бастап Стивен Янг пен Ануш Айрептян облыстағы бірнеше ауданды аралап шықты. Ал Өскеменде аумақтық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесті. Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда 1040 сайлау учаскесі бар. Сонымен қатар 1 миллионға жуық сайлаушы тіркелген.

Стивен Янг, ЕҚЫҰ миссиясының ұзақ мерзімді байқаушысы /АҚШ/

– Біздің міндетіміз – ұзақ мерзімді байқаушылар ретінде дауыс беретін күнге дейін сайлау процесіне қатысушылардың барлығымен жүздесу. Бұл тек сайлау комиссиялары ғана дегенді білдірмейді, яғни мемлекеттік емес ұйымдар,саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен де кездесеміз.

Ануш Айрапетян, ЕҚЫҰ миссиясының ұзақ мерзімді байқаушысы, /Армения/

– 9 маусымға қарай қысқа мерзімді байқаушылар да келіп, сайлау барысын байқайтын болады. Біздің байқауларымыздың негізінде алдын ала және қорытынды есептер шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы