383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушылар: Елорда мен Алматыдан басқа өңірлерде саясаттану саласы кенжелеп тұр

  • 112
Саясаттанушылар: Елорда мен Алматыдан басқа өңірлерде саясаттану саласы кенжелеп тұр

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан өзге өңірлерде саясаттану саласы кенжелеп тұр.

Түрлі қоғамдық, әлеуметтік мәселелер көтерілгенімен, онда сапалы сараптама жасалмайды. Елордада өтіп жатқан Қазақстан саясаттанушылар конгресінде белгілі сарапшы Расул Жұмалы осылай дейді. Жалпы аталған ғылымды жаңа деңгейге көтеру қажеттігін айтады. Сондай-ақ конгрес жұмысына отандық және шетелдік зерттеушілер қатысты. Шараға жиылған сала мамандары еліміздегі саясаттану ғылымының даму деңгейін сарапқа салып, жаңа негіздер енгізудің тетіктерін талқылады.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

– Соңғы 10-15 жылда саясаттану ғылымының маңызы кез келген мемлекет үшін күрт өсіп отыр. Бұл елдегі болып жатқан түрлі қоғамдық жайттарды жіті бақылап отыру, оларды сараптап өткізгеннен кейін билік орындарына жеткізу қажет. Бәлкім өзінің белгілі ұсыныстары, кеңестері болатын және неғұрлым сараптама мәселелері, оның ішінде саяси сараптама мәселелері сапалы болатын болса, қоғам мен биліктің арасында осындай жақсы байланыс орнаса, қабылданатын шешімдердің оңтайлы болуына алып келеді.

Хабар 24 телеарнасы