389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда С. Сейфуллиннің жеке заттары көрмеге қойылды

  • 370
  • UPD: 18:23, 28.05.2019
Қарағандыда С. Сейфуллиннің жеке заттары көрмеге қойылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сұлу жырдың сұнқары» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған. Көрмеге С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа тарихи-өлкетану музейінің қорынан фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар ұсынылған. Мұндағы жәдігерлердің ішінен жазушының қолданған дүниелерін, киген шапанын, ұстаған кесесін, аяқ киім жөндеген құралдарын кездестіруге болады.

Ержан Нұрмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

– Ол кісінің түрмеге жапқан кездегі құжаттары бар.Әрбір келуші оны қолымен ұстап көзімен көре алады. Біздің тарихта осындай қайғылы оқиғалар көп болған, оның біреуі осы қуғын-сүргін репрессия жылдары.

Хабар 24 телеарнасы