378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Орталық сайлау комиссиясы Өскеменде көшпелі семинар өткізді

  • 196
  • UPD: 20:34, 28.05.2019

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Өскеменде көшпелі семинар өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең басты тақырып – 9 маусымда болатын кезектен тыс сайлауды үлкен сауаттылықпен әрі жан жақты әзірлікпен өткеру. Өйткені биылғы саяси науқанның өз ерекшелігі бар. Бұл заңға енгізілген біршама өзгерістерге байланысты. Аумақтық сайлау комиссиясында алғаш рет өзге жұмыстардан босатылып, тек қана осы сұрақтармен айналысатын мүшелер жұмыс істейді. Комиссия құрамы да 40 процентке жаңартылған.Орталық сайлау комиссиясында 32 мың адам қашықтықтан оқытылды. Ал көшпелі отырыстар барлық өңірді қамтиды. Өскеменде өткен семинарды 2 мың адам тыңдап, барлық аудан орталықтары онлайн режимде қосылуға мүмкіндік алды.

Бақыт Мелдешов, ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Өзіміздің тәжірибемізді, өзгерістерді сайлау учаскелеріне, комиссияларына жеткізу мақсатымен келдік.

Хабар 24 телеарнасы