389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жемқорлықпен күрестің жол картасы әзірленді

  • 285
  • UPD: 23:44, 28.05.2019

Ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің басшылары мен азаматтық қоғам өкілдері парақорлықты жоюға бағытталған жаңа жол картасын әзірледі.

Құжат бүгін таныстырылды. Енді лауазымды адамдардың өкілеттігі қатаң бақыланып, қызметкерлер сыналады. Яғни жемқорлыққа қарсы әрекеттері тексеріледі. Бір бұл емес. Сервистік полиция дамиды. Мемлекеттік қызметте адами фактор азаяды. Тіпті 1 шілдеден бастап жолдардағы шекаралық бекеттер қысқарады. Бүгінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бекеттердің орнына бейнебақылау құралдары орнатылады. Органға қабылдау мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жүргізіледі.

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Көп нәрсе өзгереді деп сенемін. Сіздер білесіздер, көп елдерде үлкен реформалар бірінші полициядан басталған. Егер полицияда дұрыс өтсе, өзінің тиімділігін де басқа мемлекеттік органдарға тигізеді деп сенемін.

Ерлан Тұрғынбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

– Жоспар жобасын талқылау кезінде азаматтардан мыңнан астам ұсыныс түсті. 129 ұсынысты іріктеп алдық. Олар бойынша 28 іс-шара жасалды. Бұл үлкен жолдың басы ғана. Бұл жоспарымыз 2019-2020 жылдарға арналған. Одан кейін де осы жұмысты біз жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы