387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік полицейлер балалар қауіпсіздігін күшейтуді қолға алды

  • 330
  • UPD: 11:29, 29.05.2019
Ақтөбелік полицейлер балалар қауіпсіздігін күшейтуді қолға алды

Ақтөбелік полиция қызметкерлері балалар қауіпсіздігін күшейтуді қолға алды.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ескерген тәртіп сақшылары үш ай бойы алдын-алу іс-шараларын өткізбек. Бұдан бөлек жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері үйретіліп жатыр.  Ақтөбеде өткен «жол қозғалысының жас инспекторлары» атты облыстық слет барысында, көшені кесіп өтуде ескертілетін жайттар, велосипедпен жүрудің тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету, көлік ағынын байқау тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сайысқа қатысқан 130 оқушы жарыстың жеті түрінен бақ сынады. Биыл облыста балалардың қатысуымен 54 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір бүлдіршін қайтыс болған. 

Айдос Құлжанов, жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:    

-Жазғы демалыс кездерінде Ақтөбе облысы аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол патрульдік жасақтары, полиция жасақтары балалардың көп ойнайтын орталықтарда, көп баратын жерлерінде, жаяулар өткелінде жасақтар қойылуда. Сонымен қатар, «Абайлаңыз балалар» және де «түңгі қала» атты профилактикалық іс-шаралар ай сайын жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы