389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында полицейлер баспанасыз қалған отбасыға көмек берді

  • 238
  • UPD: 12:34, 29.05.2019
Павлодар облысында полицейлер баспанасыз қалған отбасыға көмек берді

Ақсу қаласының тәртіп сақшылары қасиетті Рамазан айында қайырымды істерді қолға алып, жұрттың батасын алуда.

Осы жолы полицейлер үй-күйсіз қалған 73 жастағы ақсақалдың отбасына көмекке келді. Мамандар қаражат жинап, зардап шеккендерге азық-түлік пен керек-жарақтады тарту етті. Үй ішінде болған үш бала мен қария ірі өрт салдарынан жанып кете жаздады. Түтіннің шыққанын сезген олар дереу далаға шығып үлгерді, ал баспана толық өртеніп кетті. Олар тек құжаттарды сыртқа шығарып үлгерген. Қазіргі уақытта жанұя әкімдік тарапынан берілген уақытша үйді паналауда.

Мырзакелді Бейсембеков, ақсу қаласының тұрғыны:

- Қызым оятты үлкен қыз, үлкен жиенім, «Ата, иіс шығады, жанып жатырмыз наверное». Үштен он бес минут кеткенде тұрдық атып тұрдық. От лап ете түсті, есіктен шығайын дедім, есікті аштым, қайта жаптым. Түтін маған лап еткенде жаба қойдым. Балаларды далаға шығарып алдым. Халықтар көмектесіп жатыр, полици Ақсудың, рахмет жігіттерге.

Жандос Айтмұхамбетов, Ақсу қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Жасөспірім үш баласымен тұрады ата-анасы. Осындай оқыс жағдайда үйсіз бұл отбасыға өте ауыр жағдай ғой. Соның бәрін түсініп, өзіміз әріптестерімізбен осындай көмек көрсетуге шешім қабылдадық басшылықтың атынан.

Хабар 24 телеарнасы