378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никол Пашинян «Хабар 24» арнасына эксклюзивті сұхбат берді

  • 129
  • UPD: 14:13, 29.05.2019

Қазақстандық компаниялар Арменияның мұнай нарығына кіре алады.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Никол Пашинян біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді. Мәртебелі мейманның айтуынша, Арменияның мұнай саласына Қазақстандық серіктестер тарапынан сұраныс бар. Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз қарым-қатынас орнатамыз дейді.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

- Қазақстандық компаниялар тарапынан осы салаға байланысты қызығушылық танытқандар көп. Олар қазір Армениямен тығыз байланыс жасап жатыр. Бұл мұнай нарығындағы екі жақты қатынасты дамыта түсіді деген сенімдемін. Осы арқылы Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық байланыстар нығаяды.

Армения премьер-министрімен болған сұхбаттың толық нұсқасын бүгін сағат 20:00-де қорытынды жаңалықтан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы