387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте банкроттық рәсімдерін жеңілдету бойынша заң жобасы қаралды

  • 385
  • UPD: 13:25, 29.05.2019
Мәжілісте банкроттық рәсімдерін жеңілдету бойынша заң жобасы қаралды

Мәжілісте депутаттар екі бірдей заң жобасын талқылады. Алдымен оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, заң жобасы тек банкроттыққа бара алатын жеке кәсіпкерлердің оңалтылуына мүмкіндік береді. Шоттарға және мүліктерге салынған шектеулерді алу туралы тікелей норма жоқ. Сот оңалту жоспарын бекіткен кезден бастап, шоттар мен мүліктерден барлық шектеулерді алу ұсынылады дейді Шолпанқұлов. Сондай-ақ қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланды. Мамандар кредиттік нарықтағы проблемеларды жою, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және депозиттердің кепілдік беру жүйесін жетілдіру керек екенін алға тартты.

Берік Шолпанқұлов,  ҚР Қаржы министірінің бірінші орынбасары:

-  Банкроттық рәсімдерді қолдану үшін жағдайларды жеңілдетуге, сондай-ақ рәсімдерді жүргізу мерзімдерін қысқартуға және жұмыс істемейтін борышкерлерді жеңіл түрде таратуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы