378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі айлық экологиялық шараның қорытындысы шығарылды

  • 130
  • UPD: 14:33, 29.05.2019
Елордада екі айлық экологиялық шараның қорытындысы шығарылды elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласында екі айға жалғасқан экологиялық шара қорытындыланды. Осы уақыт ішінде қала тазалығын ретке келтіру үшін 9 рет коммуналдық сенбілік және 8 рет «таза бейсенбі» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қаланы қоқыстан тазарту жұмыстарына жалпы саны 145 мыңдай астам адам қатысқан. Олар алдын ала белгіленген орындарға 13 мың ағаш және 3800 метр жасыл бұта екті. Сонымен қатар қала бойынша 2 млн түп гүл егілген. Алдағы күндері тағы 8,6 млн түп гүл егу жұмыстары жүргізіледі.

«Атап айтқанда, Алматы ауданы бойынша – 322 500 гүл отырғызылды, жоспар бойынша 1 млн 650 мың түп гүл егу көзделіп отыр. Байқоңыр ауданы бойынша осы уақытқа дейін 6 600 гүл отырғызылды, жоспар бойынша 500 мың гүл егіледі. Есіл ауданы бойынша 1 750 000 гүл отырғызылды, 5 800 000 гүл отырғызу жоспарланған. Сарыарқа ауданы бойынша 23 650 гүл отырғызылды, ал жоспар бойынша 650 000 гүл»,- деп көрсетілген әкімдіктің хабарламасында.

Қала көркін ажарландыру және қоқыстан арылту жұмыстарына 1 844 арнайы техника жұмылдырылды. 8 647 тонна қоқыс шығарылған. Бұған қоса экологиялық акция кезінде Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 185 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Елордада биыл алғаш рет жүгірген кезде қоқысты жинау «Плоггинг – «Менің қалам – таза қала», «Плоггинг - Астана-2019» атты акциялары өтті. Оларға мыңнан астам адам қатысып, 43,6 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Хабар 24 телеарнасы