384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар елімізге сапасыз пальма майының әкелінуіне қарсылық білдірді

  • 125
  • UPD: 15:36, 29.05.2019
Депутаттар елімізге сапасыз пальма майының әкелінуіне қарсылық білдірді maslomaslanoe.ru

Бүгін бір топ Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдап, елімізге кедергісіз әкелініп жатқан құрамында пальма майы бар өнімдерге тосқауыл қою қажеттігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Депутаттар әр өнімнің құрамында мөлшерден тыс пальма майы болатын азық-түлік тауарларына Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тыйым енгізу мәселесін көтерді.

2019 жылдың бірінші тоқсанында кеден органдарының мәліметі бойынша Қазақстанға 8194 тонна пальма майы әкелінген. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдерден біздің нарыққа құрамында пальма майы бар сүт, ірімшік және кондитерлік өнімдер көптеп жеткізіледі.

«БАҚ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пальма майына қатысты есеп әзірлеп, оны 22 наурызда ұйымның сайтында жариялаған. Осы есепте ДДСҰ-ның сарапшылары пальма майының семіздікке, асқазан-ішек жолдарының және жүрек-қан тамырларының созылмалы ауруларына апарып соғатынын көрсеткен. Бұл есепті аталған ұйым 48 ғылыми зерттеулердің негізіне сүйеніп жасаған. Мұндай зерттеулер 23 елдегі аурулардың асқынып кеткенін дәлелеп беріпті» деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян.

Хабар 24 телеарнасы