389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


LIVE. «Хабар» арнасында президенттікке үміткерлер арасында теледебат басталды

  • 529
  • UPD: 18:35, 29.05.2019

«Хабар» арнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлердің сайлау алдындағы пікірсайысы басталды.

Пікірталас талап бойынша 3 кезеңнен тұрады. Біріншісі «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары» деген тақырыппен өтеді. Ал екінші турда жүргізушілер барлық қатысушыларға екі сұрақтан қояды деп жоспарланып отыр. Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға сөз арнау».

Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне 7 кандидатты тіркеген болатын.

Олар: «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен Сәдібек Түгел, «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рақымбеков, Қазақстанның коммунистік халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов.

Пікірсайыс пен пікірталастардың тікелей трансляциясын «Хабар» арнасының сайтынан немесе YouTube –каналынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы