384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы ең ірі ет өңдеу кәсіпорны шикізаттан тапшылық көре бастаған

  • 138
  • UPD: 23:18, 29.05.2019

Кедендегі кедергілер кемігелі Еуразиялық экономикалық одақ елдері өзара алыс-берісті біраз арттырды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бір мысал. Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар өңдейтін етті, яғни шикізатты Беларусь елінен сатып алып жүр. Алыстан арбалағанша, жақыннан неге дорбаламайды дерсіз.

Бұл – Петропавл қаласындағы ең ірі ет өңдеу кәсіпорындарының бірі. Күніне мұнда үш тоннадан астам өнім түрлері дайындалады. Дегенмен де зауыт бүгінгі күні шикізаттан тапшылық көре бастаған.

Татьяна Куликова, ет өңдеу кәсіпорны директорының орынбасары: 

- Соңғы жарты жыл ішінде еттің бағасы 50 процентке дейін қымбаттап кетті. Бұл, әрине, бізге тиімсіз болып отыр. Сондықтан қазір шикізатты Беларусь елінен импорттап жатырмыз. Өйткені ондағы баға біздікіне қарағанда 150 теңгеге төмен.

Өйтпеске амал жоқ. Өйткені өндірісті сақтап қалу үшін кәсіпорын басшылығы осындай қадамға барған. Ал дайын өнімдерді Қазақстаннан бөлек Ресей еліне экспорттайды. Мәселен, биылдың өзінде көрші мемлекетке алты жарым миллион теңгенің өнімі саудаланған.

Аталаған кәсіпорын ет өнімдерінің 150-ге тарта түрін дайындайды бүгінгі күні. Ал ресейлік тараптан әсіресе жылқы етіне сұраныс өте жоғары екен.

Сапалы дүниеге қашан да сұраныс жоғары. Сондықтан жергілікті билік өкілдері шикізат тапшылығы мәселесін шешуге кіріскен.

Дәурен Жандарбек, облыс әкімінің орынбасары:

- Етті ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мал көтеру бойынша тиісті бағдарламаларды және субсидиялардың сомасын ұлғайту қолға алынып отыр. Биыл сонымен қатар мал бордақылау бойынша инвесторларды тартып, ашуды қарастырып отырмыз.

Еуразиялық экономкалық одаққа мүше мемлекеттермен алыс-беріс, барыс-келіс уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында тек Солтүстік Қазақстан облысының аталған елдермен тауар айналымы 69,3 миллион АҚШ долларын құраған.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы