378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда департамент басшысы сотталды

  • 178
  • UPD: 23:18, 29.05.2019
Нұр-Сұлтанда департамент басшысы сотталды Zakon.kz

Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов үш жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығынан айырылды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында оның ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Айыпталушы сотта өз кінәсін толық мойындады.

Еске сала кетейік, Асланбек Жақыпов 18 сәуірде танысынан 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы