378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Менингитке шалдыққан сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр

  • 165
  • UPD: 00:02, 30.05.2019

Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына менингит дертімен түскен жас сарбаздың жағдайы нашар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мәлімдеді. 19 жастағы бозбала мамыр айының 12-сінен бері Мақаншы ауылындағы 2086 әскери бөлімінде әскери борышын өтей бастаған. Алайда екі апта өткен соң жас сарбаз жақындарына хабарласып, қатты науқас екенін айтып көмек сұраған. Сарбаздың туыстары «Әскери бөлімдегі медициналық қызмет оның ахуалына салғырт қарап, дер кезінде қажетті емдеу шараларын жасамады» деп отыр. Дертке шалдыққан жігітке сол жерде менингит диагнозы қойылып, санитарлық авиациямен Алматыға жөнелтілген. Науқас төрт күннен бері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.   

Тамара Құстайқызы, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Науқастың жағдайы бүгінгі күні ауыр. Тұрақталды. Өтіп жатқан емнің бәрі өз нәтижесін беріп жатыр. Сондықтан емнің барлығы менингококты инфекцияның диагностикалық және емдеу хаттамаларына сай жүргізіліп жатыр. Емге жауап беруде.

Хабар 24 телеарнасы