389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 45 көп балалы отбасы баспаналы болды

  • 287
  • UPD: 00:04, 30.05.2019

Семейде 45 көп балалы отбасына арендалық тұрғын үйден пәтердің кілттері берілді.

Бұл баспаналар жаңадан тұрғызылып келе жатқан «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан. 9 қабатты тұрғын үйлер аймақтық бағдарламаға сәйкес салынды. Шағын ауданда қазір соңғы талаптарға сай тұрғын үйлер мен спорттық нысандар бой көтеруде. Оның ішінде 5 500 орындық «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені де бар. Жақында шағын ауданда мұз сарайының құрылысы басталады. Сондай-ақ 4 орта мектеп пен 5 балабақша салу көзделген. Қуанышы қойнына сыймаған жандардың бірі – 20 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 6 баланың анасы Жұпархан Ақшалова.

Жұпархан Ақшалова, «Күміс алқа» иегері:

- Ораза айы ғой, Алла жақсылығын әкеліп, бала-шағама қызығын көрсетіп жатыр. Ауласы, көрініс те – бәрі жақсы екен, таза ауа, қаланың ішіне қарағанда, шет жақ қой. Мектептер салынады, дүкендер салынады дейді. Бала-шағамыздың ризығы шығар. Мектепте де, балабақшада да жеңілдік болады деп жатыр. Көп балалы отбасыларды құрметтеп жатқанына мен ризамын, ризашылығымды айтамын, көп-көп рақметімді айтамын.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Осы жылда біз облысымызда 290 пәтер береміз. Осы қалада 50, содан кейін жылдың аяғына дейін тағы да 30 болады деп үлкен сенім бар. Бірақ біз осы мәселені алға бастырамыз. Неге десеңіз, осы жылдың екінші жартысында 179 мың шаршы метр үйді жаңадан салғызамыз.

Хабар 24 телеарнасы