389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 21 көп қабатты үй салынып жатыр

  • 404
  • UPD: 00:03, 30.05.2019

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 21 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Соның ішінде 434 пәтерлік 119 баспана ауылдық жерлерде бой көтермек.

Жыл соңына қарай облыс орталығында 1732 пәтер пайдалануға берілсе, елді мекендерде 50 үйдің құрылысын аяқтау көзделген. Осы арқылы алтын бесік ауылда 300-ден аса отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылындағы халық саны 1600-ден асады. Бірер жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы ауылға таза ауыз су жеткізілді. Көгілдір отын бар, тұрғындар оптикалы-талшықты байланыс желісінің көмегімен интернет игілігін де көріп отыр.​ ​

Алтыншаш Борашева,​ Бірлік ауылының тұрғыны:

- Жастар, жасөспірімдер өсіп келе жатыр. Бокспен, футболмен айналысатын, күресетін орындар керек.​ Одан қала берді 14 шақырым жолымызды түзеп берсе. Ауылда жақсы тұруға болады, өзімізге ұнайды. Қаладан кем емеспіз, жағдайымыз жақсы, ауылда тұруға болады.

Ерсайын Есләмғалиев,​ Бірлік ауылының әкімі:

- 2016 жылы ауылымызға солтүстік жақ бетте 80 жер учаскесіне газ, жарық, су тартылды.​ Бұл 80 учаскенің бәрінің иелері бар, кезекпен өздері алып тұр. Соның 30 шақтысы үйді салып тастады.​ ​ ​ ​ ​

Аудан орталығы Жаңақалада 24 пәтерлік 3 қабатты үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары былтыр басталды. Мердігер кәсіпорын нысанды жаз ортасына қарай пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Серік Темірханов,​ құрылыс кәсіпорнының басшысы:

- 12 пәтер 2 бөлмелі, 12-сі 1 пәтерлі, ипотекалық тұрғын үй. Жас маман, жағдайы төмен отбасыларға салынып жатқан үй. Ішінде суы бар, үй жылы, жайлы болады деп есептеймін.

Аудан бойынша 500-ден аса тұрғын жер телімін алуға кезекте тұр. Ал 5 санат бойынша 300-дей адам тұрғын үй алудан үмітті. Келешекте​ кезектегі тұрғындарды баспанамен қамту үшін қосымша 100 шақты пәтердің жобасы дайындалды.

Бірнеше жыл бұрын Жаңақала ауылының теріскей аумағынан тұрғындарға мыңнан аса жер телім берілген. Болашақта бой көтеретін бұл жеке тұрғын үйлерге газ, су, электр жарығы секілді барлық коммуникациялық желілер алдын ала тартылыпты.

Бәйтерек ауданында да құрылыс қарқыны жоғары. Қазір Переметный ауылында кезектегі тұрғындар үшін 23 арендалық үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін аймақта 450 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарда. Орал қаласы мен 5 ауданда инженерлік желілерді тарту жұмыстарына 3 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ.​

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы