378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда суға шомылуға болмайтын 15 қауіпті аймақ тіркелген

  • 142
Атырауда суға шомылуға болмайтын 15 қауіпті аймақ тіркелген

Атырауда құтқару қызметі көктем шығысымен іске кіріскенімен, бірінші тоқсанда 4 адам суға кетті.

Оның екеуі – бала. Ал былтыр 22 адам судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, ажал құшқан болатын. Олардың тең жартысы – мектеп оқушылары. Тағы 9 адамды құтқарушылар аман-есен алып қалды. Қазір тұрғындардың өмірін кездейсоқ қауіп-қатерден сақтау үшін төтенше жағдайлар департаменті мен суда құтқару қызметінің сүңгуірлері күн-түні кезекшілік етуде. Сонымен қатар жағажайдағы тынығушыларға құтқару шараларын да үйретеді. «Батыс» өңірлік жедел құтқару жасағында 66 адам бар. Сүңгуірлер арнайы техникалармен толық жабдықталды. Өкінішке қарай Атырау қаласы аумағында ресми рұқсат етілген 2 жағажай ғана бар. Шаһар аумағы ұлғайған сайын 15 қауіпті аймақ тіркелген. Бұл жерлердің барлығы мамандардың жіті назарында.

Ербол Бірәлиев, «Батыс» жедел құтқару жасағының бөлім басшысы:

– Балалар жазғы демалысқа шыққанға дейін мектептердің барлығын аралап, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп шықтық. 20 мамырдан бастап күшейтілген режимге көштік. Жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті бірлескен рейдтік шаралары жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы