378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық құтқарушылар шомылу маусымына дайын

  • 149
Қостанайлық құтқарушылар шомылу маусымына дайын

Қостанай облысында шомылу маусымы басталмай жатып екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әулиекөл ауданының тұрғыны мас күйінде өзенге түсіп қаза тапса, Фёдоровта балықшы аңдаусызда суға құлап ажал құшты. Ал былтыр облыстағы су қоймаларында 16 қайғылы жағдай тіркелген. Қазір қалалар мен аудандарда жабдықталған жеті жағажай демалушыларды қабылдауға дайын. Құтқарушылар суға түсетін орындарда күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарып жатыр.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Облыс көлемінде бізде 75 құтқарушы бар. Оның 40-ы – судан құтқару қызметінің адамдары, суңгуірлер. Сонымен қатар бізде 75 адамның барлығы түрлі көмек көрсете алады. Суда болсын, басқа төтенше жағдайда болсын көмектесуге әзір. Олардың бәрі бізде парамедик боп есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы