389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент жағажайларында сақтық шаралары күшейтілді

  • 311
  • UPD: 10:07, 30.05.2019

Шымкентте күн ысып, шомылу маусымы басталғалы бері құтқару қызметінің жасағы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басты мақсаты – шомылу орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Жаз мезгілі басталысымен, құтқарушылардың жұмысы қыза түседі. Мәселен Шымкент шаһарының аумағында өткен жылы 4 суда бату оқиғасы тіркеліп, 4 адам қайтыс болған. Оның екеуі 2 – жас бала. Бұл жағдайлардың көбі ересек адамдардың салғырттығынан дейді төтеншеліктер. Ал ағымдағы жылдың 5 айында шаһарда адамдардың суға бату оқиғалары тіркелмеген.

Жедел құтқару жасағы мұндай тосын жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Шымшаһардың 3 су айдынындағы белгіленген жағажайлар олардың бақылауында. Ал бұдан бөлек, суға түсіп салқындағысы келген халық қаладағы 20-ға жуық демалыс орны мен аквасаябақтарға барады. Мұндай орындар да медициналық бекетпен және арнайы құтқарушылар жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Евгения Дьяченко, демалыс аймағының әкімшісі:

– Күн қатты ысығанда бізге келушілердің саны 200-ден асып кетеді. Одан бөлек, суға түсуге келгендер қаншама. Осы уақытқа дейін суға кету оқиғасы болған жоқ. Ондай жағдай болмай-ақ қойсын. Құтқарушыларымыз бар. Одан қала берді, жедел құтқару жасағының бекеті қасымызда орналасқан. Уайымдауға негіз жоқ.

Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің  мамандары барлық жағалау аймақтарында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Арнайы жадынамалар таратады. Тыйым салынған сжерлерге ескерту белгілерін орнатады.

Нұрболат Дербісов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– Биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен 17 миллион ақша бөлінген болса, соның 4 миллионы судағы айдындарда қауіпсіздікті сақтау бағытында жұмсалып жатыр. Бізде қалада қауіпті жерлер бар. Қошқарата бойында балалар демалысқа шыққаннан кейін міндетті түрде барып шомылады.Бала қараусыз шомылып жатқаннан кейін әр-түрлі жағдай болады. Апат айтып келмейді. Сондықтан апаттың алдын алу – біздің бірінші тікелей міндетіміз.

Суға шомылу маусымында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жедел құтқару жасағының 94 құтқарушысы жүзеге асырады. Мамандардың айтуынша, балалардың қатысуымен болған қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін келесі жылы Шымкентте бірден үш коммуналдық жағажай салу жоспарланып отыр.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы