383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада V бітімгерлік технологиялары бойынша әріптестік симпозиумының жұмысы жалғасуда

  • 151
  • UPD: 11:09, 30.05.2019

Нұр-Сұлтанда бесінші халықаралық бітімгерлік технологиялары бойынша әріптестік симпозиумының жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күннің кезекті сессиясында қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларындағы әріптестік байланыстың аясын кеңейтіп, бітімгерлік қарқынын жетілдірудің жаңа әдістерін ұсынды. Келелі жиында қауіпсіздікті күшейту үшін тың технологиялар, коммуникацияны нығайту, қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыру, теле-медицинаны енгізу және қоршаған ортаны ластамау туралы мәселелер негізгі тақырыпқа арқау болды. Симпозиумда Назарбаев Университетінің өкілдерімен қатар, Халықаралық ақпараттық технологиялар және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің лекторлары мен басқа да отандық ғалымдар дәріс оқыды. Сондай-ақ қатысушылар бітімгерлік миссияларын шешу үшін қолданылатын «кьюбсат» технологиясын қазақстандық тәжірибе негізінде қолдану мүмкіншілігін қарастырды.

Олжас Құсайынов, ҚР Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы:

– Симпозиум барысында сарапшылар бітімгершілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан жақты тәсілдерді талқылап, жаңа технологияларды дамыту және жетілдіру бойынша мәселелер қаралды.

Хабар 24 телеарнасы